Қалааралық автобустарға енді билетті үйден шықпай алуға болады. Электронды билеттерді сату 41 бағыт бойынша 140 автобустық рейске жүргізіліп отыр.
Аталмыш жобаны іске асыру үшін Технологияларды коммерцияландыру орталығы өткен жылы 18,1 миллион теңге көлемінде грант бөлген болатын. Басты мақсат - еліміздің барлық аймағын заманға сай жүйемен қамтамасыз ету.
Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ