Петропавл қаласында ай сайын өткізілетін бос орындар жәрмеңкесіне борышкерлерді әкеліп, жұмыс берушілермен таныстырады.
Енді оларды жұмысқа орналастыру арқылы атқарушылық істер бойынша төлемдерді өндіруге болады, дейді мамандар.
Талабы мен білімі немесе өтілі бар адам өзіне лайықты қызмет таппақ. Мұндай шара прокурорлардың міндетіне кірмесе де, жазалағаннан гөрі, ақша табуына жағдай жасау әлдеқайда тиімді дейді – Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі Гүлжан Тәттібаева.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ