Бұл бағытта Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі белсенді жұмыстар жүргізуде.
Аталған мекеменің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мамандары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне аймақта атқарылып жатқан осындай жұмыстар жөнінде баяндап берді.
Мәжілісте «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының бірінші бағыты, яғни кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі басты назарға алынды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кейбір мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктері туралы да айтылды.
Жақсыбек КЕМАЛ