Экипаж Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин алаңынан Астана уақыты бойынша сағат 10:37-де Халықаралық Ғарыш Станциясына аттанады.
Үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовтің алдында үлкен міндеттер тұр. Оған жер бетін, әсіресе, Каспий мен Арал маңын зерттеу жүктелген, сондай-ақ психофизикалық ахуалды бақылау тапсырылды.