Маңғыстау облысында майданда із-түзсіз кеткен сарбаз 73 жылдан соң табылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында майданда із-түзсіз кеткен сарбаз 73 жылдан соң табылған

07.09.2015
Маңғыстау облысында  майданда із-түзсіз кеткен сарбаз 73 жылдан соң табылған

Сәуірбаевтар отбасы майданда із-түзсіз кеткен аталарының дерегін 73 жылдан кейін тапты.

Қ.Тағаев Ленинград майданына түсіп, 120-шы атқыштар девизиясының 543-ші полкінде болған. Аға сержанттың сұр мергендігімен көзге түскені құжаттарда жазылыпты. 1944 жылдың 9 ақпанында Ленинградтың Толмачево ауылында ерлікпен қаза тапқанын туыстары енді білуде.

Сәуірбаевтар әулеті аталарын жиі еске алып, рухына тағзым етуді, майдангердің атын өшірмеу үшін оның ерлігін кейінгі ұрпаққа үнемі айтып отыруды өздерінің парызы санайды.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу