Жол-көлік инфрақұрылымын дамытатын ұлттық оператор құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол-көлік инфрақұрылымын дамытатын ұлттық оператор құрылады

08.09.2015
Жол-көлік инфрақұрылымын дамытатын ұлттық оператор құрылады

Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері қай жолдардың ақылы болатындығын енді өздері белгілейді және құнын бекітеді. Бұған дейін аталған міндетті «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторы атқарып келген.

Енді ақылы жолдарға абоненттік төлем енгізіледі. Тиімділігі сол – қаражатын алдын-ала төлеген жүргізушіге ешқандай тосқауыл жоқ. Автоматтандырылған жүйе көліктің  номері арқылы жұмыс істейді. Сондай-ақ, елімізде жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ұлттық оператор құрылмақ.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу