Әлеуметтік желі арқылы ғарыштағы әсерлерімен бөлісіп жатқан ғарышкер Айдын Айымбетов Солтүстік шұғыласын көргенін жазды.
Суреттің астына отандасымыз «Солтүстік шұғыласы,неткен әдемі сурет»,- деп пікір қалдырған.
Сонымен қатар, Айдын Айымбетов ғарышта «Дастархан -6» атты ғылыми зерттеу жұмысы бойынша ет, ірімшік, айран секілді ұлттық тағамдардың салмақсыздық деңгейінде адам ағзасына қалай сіңірілетінін зерттеп жатқанын да айтып өткен.
Гауһар ТӨЛЕКБАЙ