Айдын Айымбетовтің ғарыштағы зерттеулері отандық ғылымның өрісін кеңейтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдын Айымбетовтің ғарыштағы зерттеулері отандық ғылымның өрісін кеңейтеді

10.09.2015
Айдын Айымбетовтің ғарыштағы зерттеулері отандық ғылымның өрісін кеңейтеді

Айдын Айымбетовтың физика саласы бойынша зерттеулері нәтиже бере бастады. Ғарышкер әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ ғалымдары жүктеген жерүсті жағдайында алуға келмейтін кристалдарды сынақтан өткізді.  

Ғарышкер зерттеуінің екінші бағыты - биомедицина саласы. Бұл бағытта Адам және жануарлар физиологиясы институтының ғалымдары  ғарышкердің операторлық жұмыс қабілеті, күйзеліс жағдайындағы мидың жұмысына бақылау жүргізеді. Бұл Тоқтар Әубәкіровтің ғарыштық сапарынан кейінгі екінші эксперимент.

Қазақ тағамтану академиясының да Айдынның зерттеулерінен үміті зор. Олар алғаш рет ұлттық тағамдардан жасалған қоспалардың ғарышта адам ағзасына сіңірілуін сынамақ.

 

Гауһар ТӨЛЕКБАЙ

Хабарламаларға жазылу