Оларға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қажылық миссиясы құрамындағы дәрігерлер, дін ғалымдары мен имамдар жөн-жоба көрсетуде. Бесінші парызды өтеушілердің алды Мәдина қаласынан Мекке шаһарына ұмра тауабын жасауға аттанған.
Қазақстан қажылары тұңғыш рет төте рейспен Мәдина қаласына табан тіреді. Отандастарымыз әуелгі зияратты пайғамбарымыз мәңгілікке тыныстаған Әл-Харам мешітінен бастады.
Дәурен ДАРИЯБЕК