«Қазақстан» РТРК» АҚ бастамасымен екінші рет ұйымдастырылған «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ бастамасымен екінші рет ұйымдастырылған «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны мәресіне жетті

30.09.2016
«Қазақстан» РТРК» АҚ бастамасымен екінші рет ұйымдастырылған «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны мәресіне жетті

«Шын жүректен» - қымбат ем алуды қажет ететін, ауыр науқасқа шалдыққан балаларға және тұрмыстың тауқыметіне душар болған азаматтарға көмек ретінде қаражат жинау үшін ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы. Мақсаты - халықты жақсылық пен жылулықты бөлісуге үндеу.

Бүгінгі тікелей эфирдегі қайырымдылық телемарафоны барысында телефон және әлеуметтік желілер арқылы көмек сұрап  948 адам хабарласты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» қоғамдық қорына 126 адамнан хат келіп түсті.  Арнайы ашылған ankfond@mail.ru электронды поштасына 213 хат жолданған. Сонымен қатар, #ШынЖүректен хэштегін белгілеп 37 адам көпшіліктен көмек сұрады. 

Барлық өтініштер «ҚХА қоры» қоғамдық қоры комиссия мүшелерінің бірлескен отырысында қарастырылатын болады. Телемарафон барысында Қостанай, Өскемен, Орал, Тараз және Алматы қалаларындағы филиалдар тікелей эфирге қосылып, аймақтардағы көмекке мұқтаж жандар туралы сюжеттер берілді.  

Жедел желіге сағат 10:00-ден бастап кешкі 21:00-ге дейін 4985 қоңырау (8 978 минут ) келіп түскен. Олардың ішінде тікелей эфир барысында 618 қоңырауға (3260 минут) қызмет көрсетілді.

студия

Сондай-ақ, студияда депутаттар, қоғам, мәдениет  қайраткерлері, жазушылар, қайырымдылық мекемелері мен ұйымдарының басшылары, спортшылар мен көп жылдар бойғы науқасын жеңген жандар қонақта болды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов, Шаймардан Нұрымов, Наталья Жұмаділдаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ бас редакторы Амантай Шәріп, ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Берік Уәли  шараға қолдау білідіріп, халықты жақсылық жасауға шақырды.  

ералы

 

шәріп

Сондай-ақ,   «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Медициналық директоры Талғат Пазылбеков, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының арнайы өкілі Лаура Қайырбекова, жазушы Аян Құдайқұлова, «КАТИАД» қазақ-түрік кәсіпкерлер қоғамының бас хатшысы Ахмет Алияз, республикалық «Асыл бала» қауымдастығының атқарушы директоры Гүлзат Асанова,  Жан досым» қоғамдық қорының басшысы Айнұр Мұсайбекова, «PwC» ЖШС сарапшысы Ербол Сыздықов, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диас, «Хабар» телеарнасының Бас продюсері Айдос Тұрысбек студияға келіп, көпшіліктен үміт күткен жандарға қолдау білдірді.

Қайырымдылық акциясы отандық спортшыларды да бейжай қалдырмады. Телемарафонға қолдау білдіргендер қатарында Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов, Риодағы Паралимпиада ойындарының алтын жүлде иегері Зүлфия Ғабидуллина мен күміс жүлдегер Раушан Қойшыбаева да бар.

данияр

Ұлттық арна арқылы қайырымды жандардың көмегіне жүгінгендердің жанайқайы әрдайым назарда болмақ. «ҚХА қоры» қоғамдық қорының электронды жәшігі мен мен арнайы ашылған есепшот халыққа жыл бойы қызмет көрсететін болады.

Есепшот:

ИИК KZ54319Y010000361999

БИК ABKZKZKX

АО «БТА Банк» Филиал «Астана»

БИН 090 240 010 377  КБе 18

Айта кетейік, «Шын жүректен» - Қазақстан» РТРК  және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ҚҚ-ның бірлескен жобасы. Алғаш рет 2016 жылдың сәуір айында жүзеге асырылды.   

 

Хабарламаларға жазылу