«Даму» қоры кәсіпкер әйелдерді қолдау мақсатында несие беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Даму» қоры кәсіпкер әйелдерді қолдау мақсатында несие беруде

22.09.2015
«Даму» қоры кәсіпкер әйелдерді қолдау мақсатында несие беруде

Ел Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі әйел кәсіпкерлерді қолдап, бизнесін әрі қарай дамыту үшін ұлттық валютамен несие беруді бастады. Бірақ, оны 5 жылда қайтару қажет. Ең жоғары сомасы 550 миллион теңге. Ал, жылдық мөлшерлемесі - 14 пайыз.

Құжат «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдігімен рәсімделді. Бұған дейін кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін жалпы сомасы 3 миллиард 720 миллион теңге мөлшерінде несиелік келісім жасалған.

Бұл қаржы тек Астана мен Алматыда емес, өзге өңірлердегі кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталмақ.     

Нұрлан НАУРЫЗӘЛІ

Хабарламаларға жазылу