Солтүстік Қазақстандағы 4 ауыл мектебіне жаңа жылыту қондырғылары орнатылды. Бұл жобаның жетістігі сол оны орнату арқылы жергілікті бюджет жылына 13 миллион теңге үнемдей алады екен.
Астраханька орта мектебінің жалпы аумағы 3 мың шаршы метр. Ғимаратты жылыту үшін жылына 500 тоннаға дейін көмір жағылып, қосымша 3-4 адам жұмыс істейтін. Енді жаңа жылыту қазандығы орнатылғасын көмір шығыны екі есеге азаймақ.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ