Қазан айының 1-2 аралығында Астанада Қазақстан машина жасушыларының III форумы өтеді. Жиынға алыс-жақын шетелден 600-ге тарта делегат қатысады. Бұл туралы журналистерге Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев айтты.
Форумда жаңа экономикалық жағдайдағы машинақұрылысы саласының жай-күйі мен проблемалары талқыланбақ. ЕАЭО пен ДСҰ-на мүше болған елімізде көлік құрастырушы кәсіпорындарға жасалатын жеңілдіктер, жаңа технологияны игеру, инвестиция тарту секілді мәселелер 7 секция бойынша қаралады.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ