Жұмыр жердің бетіндегі 193 мемлекетті біріктіретін ықпалды ұйым биыл өзінің басты органы Бас Ассамблеяның мерейтойлық жетпісінші сессиясын шақырмақ.
Бұл алқалы басқосуға әлемнің жүз елу мемлекетінің президенті, аузы дуалы талай саясаткер қатыспақ. Бас Ассамблея сессиясына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та шақырылған.
Жайнагүл ТӨЛЕМІСОВА