Қызыл жалын сол жердегі екінші көлікті де шарпып өткен. Ал, біраз уақыттан соң Ворошилов көшесінде тұрған 3 автокөлік жанып кеткен. Полицейлер, сол кезде-ақ, бұл машина иелеріне жасалған қастандық болуы мүмкін, деп болжам айтқан.
Көп ұзамай, алғашқы 2 көлікті өртеді деген күдікпен бір жігіт ұсталды. Жасы 19-да, Алматы облысының тұрғыны. Бұрын сотталған. Қазір күдіктінің қалған 3 көлікке қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Берік КӨШЕРБАЙ