Елімізде қарттар мен мүгедектерге арналған 49 әлеуметтік мекеме бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қарттар мен мүгедектерге арналған 49 әлеуметтік мекеме бар

01.10.2015
Елімізде қарттар мен мүгедектерге арналған 49 әлеуметтік мекеме бар

Қамқорсыз қалдырған баласынан алимент алуға қариялар құқылы. Сонда да, сотқа жүгініп, ұл-қызынан тиісті төлемді талап етуге құлықсыз. Астанадағы қарттар үйінің 25 жылдық тарихында осындай қадамға барған жалғыз адам бар.

Мария Қабдолқызының баласынан алимент талап етіп, сотқа жүгінуінен өзге амалы қалмаған. Сот шешімі бойынша баласы анасына 13 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни ай сайын 25766 теңге төлеп тұруға міндетті.

Ана алдында бала айыбы өтелмес. Қартайған шақта қайғы жамап, қарттар үйіне қамалса да, Мария әжей баласын да, немерелерін жамандыққа қимайды.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу