Бес парыздың бірі қажылықты өтеген мұсылмандардың ұшу кестесі өзгерді. Мұның себебін Сауд Арабиясы Жидда халықаралық әуежайының басшылығы жоспарлы күнтізбедегі жаңа айдың кеш тууымен байланыстырып отыр.
Соның салдарынан, барлық бағыттағы рейстердің ұшу кестесі бір күнге кешіктірілді. Сонымен қатар, Корольдіктің құзырлы мекемелері арасында үйлестіру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі де қиындық туғызған.
Дәурен ДАРИЯБЕК