Брифингте Сергей Хорошун «Азбука жилья» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын да айтты. Енді бұл мәселемен Ішкі істер министрлігі айналысып жатыр.
«Тергеу жұмыстарының алдын ала қорытындылары бір-екі айда белгілі болады», - деді. Бұл мәселе әкімдіктің жіті бақылауында екенін және нысандарды салып бітіру бойынша шаралар жоспары жасалып жатқандығын айта кетті.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ