Насыр Хамрақұловтың шеберханасы ұлттық мұражай іспетті. Қайсыбір бұрышы түрлі халықтың өзіне тән айшықты нақыштары мен оюы бастырылған тұрмыстық заттары мен кеде сыйларға толы.
Насырдың інісі Асан да саусағынан өнер тамған шебер. Қайсыбір туындысы түрлі ұлттың болмысы мен тарихынан сыр шертетін ұста қазір қазақы киіз үйдің шағын үлгісін жасау үстінде. Оның айтуынша киіз үйдің құрылысының өзінде кеңдік пен теңдікті танытатын рухани мән жатыр. Бұл дүние еліміздегі бекем бірлікті танытатын қолөнер туындысы болады, дейді қолөнер шебері.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ