Елордадан Өскеменге жүретін тағы бір жедел пойыз жолға шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадан Өскеменге жүретін тағы бір жедел пойыз жолға шығарылды

10.10.2015
Елордадан Өскеменге жүретін тағы бір жедел пойыз жолға шығарылды

Тағы бір, деп отырғанымыз Астана мен Өскемен арасын жалғайтын «Тұлпар-Тальго» бұған дейін де бар еді, бірақ күнара қатынайтын. 292 адамға шақталған жаңа составтың вагондары сапалы.

Олардың негізгі жабдықтары Қазақстанда жасалған. Сондай-ақ, жүріс-тұрысы қиын азаматтардың да мүдделері ескерілген. Мүгедек жолаушылар арнайы жабдықталған пандус-лифт арқылы міне алады.

 

Алтынай БАЙДАҚОВА

Хабарламаларға жазылу