Қарағанды облысында ішкі істер бөлімінің қызметкерлері есірткі саудалады деп айыпталуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ішкі істер бөлімінің қызметкерлері есірткі саудалады деп айыпталуда

14.10.2015
Қарағанды облысында ішкі істер бөлімінің қызметкерлері есірткі саудалады деп айыпталуда

Шахтинск қаласы ІІБ-нің  4 қызметкеріне қатысты сот ісі Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Мемлекеттік айыптаушы мәлімдегендей тәртіп сақшылары қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, есірткіге тәуелді жандарды 2 жыл бойына есірткі саудалауға мәжбүрлеп келген.

Полицейлер саудалайтын есірткіні арнайы тасымалдаушылардан алып отырған. Прокурор Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 4 бірдей бабы бойынша заңбұзушылық орын алғанын айтып отыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу