Құжат тұжырымдамасына сәйкес, полиция қызметінің басшыларын тағайындауға үміткерді Ішкі істер министрі облыс әкіміне ұсынып, оған мәслихат депутаттары келісім беруі тиіс.
Заң жобасы бірінші кезекте құқық қорғау саласының ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді. Мәселен, құжат бекісе, жергілікті полиция қызметінің басшысы әкімдіктер мен мәслихат алдында және жылына бір рет халық алдында есеп беруге міндетті.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ