Еліміздің оңтүстік аумағында жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің оңтүстік аумағында жер сілкінді

26.10.2015
Еліміздің оңтүстік аумағында жер сілкінді
Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметі бойынша Астана уақыты бойынша 15:09-да Алматы, Тараз, Шымкент және Ақтөбе облысының тұрғындары жер сілкінісін сезген.

Алматы қалалық сейсмологиялық станциясының мәлімдеуінше, магнитудасы 7,2-ге тең жер сілкінісі Алматыдан 904 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында тіркелді.

Айта кету керек, Шымкентте 4 балдық, ал Таразда 3-4 балдық жер сілкінісі сезілген. Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу