Елімізде ұлттық брендке айналатын тауарлар көбейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ұлттық брендке айналатын тауарлар көбейеді

28.10.2015
Елімізде ұлттық брендке айналатын тауарлар көбейеді
«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар - ұлттық чемпиондар» бағдарламасы аясында Қазақстанда жаңа өндіріс іске қосылады.

Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» холдингінің Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі Қаныш Төлеушин мәлімдеді. Оның айтуынша, 2018 жылы бұрғылау қондырғылары өндірісі, автомобиль аккумуляторларының жаңа бренді, құрылыс заттарын дайындайтын және балалар тағамын өндіру бойынша заводтар ашылмақ.

Қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингі 16 миллиард теңге сомасына сегіз компания үшін қаржылық қолдау мақұлданды.

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу