Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмек сатумен айналысатын кәсіпкерлерге қатысты тексеру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмек сатумен айналысатын кәсіпкерлерге қатысты тексеру басталды

28.10.2015
Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмек сатумен айналысатын кәсіпкерлерге қатысты тексеру басталды
Кәсіпкерлер фармацевтикалық препараттардың 24 түріне бағаны негізсіз өсіріп жіберді деген күдік бар.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің назарына 11 компания іліккен. Олардың 5-і басқа облыстарда орналасқандықтан, тексеруді сол өңірлердегі департамент өкілдері өткізеді. Дәрілердің бағасы аяқ астынан қымбаттап кеткенін облыстық Денсаулық сақтау басқармасы байқаған.

Монополияға қарсы мекеме фармацевтердің арасында өзара келісімнің бар екенін анықтаса, артық пайда таппақ болғандардың барлығы Заң бойынша жауапкершілікке тартылады.


Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу