Батыл балаға медаль тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыл балаға медаль тапсырылды

04.11.2015
Батыл балаға медаль тапсырылды
Батыл балаға медаль тапсырылды

Оралда облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, полковник Замир Бердашев Зеленов ауданы Достық ауылындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Никита Тюкинге «Төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін» төсбелгісін салтанатты жағдайда табыс етті. Бұл туралы Қазақ радиосының Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі Динара Киндербаева хабарлады.

Еске сала кетейік, Н.Тюкин үстіміздегі жылы 24 мамыр күні Шаған өзенінде шомылып жүрген кезде суға кетіп бара жатқан қос қызды құтқарып қалды. Осыған орай биыл Астанада өткен \"Мәңгілік ел - болашағы біртұтас ел» атты республикалық патриоттар форумында Никита «Ерлігі үшін» аталымын иеленген болатын. «Оқыс оқиға болған кезде шапшаң қимылдау керек екендігін түсіндім. Дүниедегі ең қымбаты адам өмірі ғой. Енді болашақта өз өмірімді құтқарушы мамандығымен байланыстырғым келеді», дейді Никита Тюкин.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу