Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы 25 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Күңгейдегі талай журналисті шыңдаған, өңірдің медиа нарықтағы ұстаханасы саналатын арна 1990 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Телеарнаның мерейтойына орай облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов құттықтады. Өңір басшысы: «Ширек ғасыр ішінде телеарна облыстың айнасына айналды. Елбасының сындарлы саясатын бұқараға жеткізіп, облысымыздың барлық салалардағы жетістіктерін халыққа таныстырып отырған телеарна қызметкерлерінің еңбегіне ризашылығымды білдіремін»,-деп атап өтті.
Облыстық телеарнаның қажеттілігі уақыт талабы еді. Телеарна ашу туралы бастаманы ҚР құрметті журналисі Байдулла Қонысбеков көтерді. Нәтижесінде 1990 жылдың 5 қарашасында телеарна алғаш рет хабар тарата бастады. Бастапқыда тәулігіне 1 сағат қана эфирге шығатын. Бұл сол кезде үлкен жетістік еді. Ал, қазір телеарна аймақтағы жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының бірі болып саналады.
Ерсұлтан ӘМІРБЕК
Kaznews.kaztrk.kz