Азаматтық процестік кодекстің жаңа редакциясы еліміздегі сот әділдігін қамтамасыз етіп, азаматтар құқын қорғауға барынша ықпал етпек. Бұл туралы бүгін Астанада Жоғарғы сот, Бас прокуратура және Республикалық адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, 31 қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұқара алдында жаңа Азаматтық процестік кодекске қол қойған еді. Бірқатар өзгертулер енгізілген құқықтық құжат «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген міндеттемелерді жүзеге асыруға бағытталған.
Ендігі жерде азаматтар арасындағы дауларды қараудың тиімділігі артып, тараптардың мүдделерін тең таразылауға баса назар аударылмақ.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ