Еңбекқор отбасы бөдене жұмыртқаларын қаладағы сауда үйлері мен дәмханаларға тапсырады.
Марат бөдене өсіруді төрт жылдан бері кәсіп етіп келеді. Алғашында құс өсірудің жайын білетіндерден сұрастырды, ғаламторды ақтарды. Ақыры тәуекел етіп, Алматыдан алдырған бөдене жұмыртқасынан инкубатордың көмегімен балапан бастырып шғарды. Қазір қорасында 300-ге тарта бөдене бар.
Олардан күнделікті 200-дей жұмыртқа жинап алады. Бөденінің жұмыртқасы, еті аса жеңсік ас саналады. Сондықтан Марат қазір отбасылық кәсіптің аясын кеңейтудің әрекетінде. Келешекте бөденені барынша көбейтіп, ферма ашсам деген ойда.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ