Қазақстан әскерлері әскери өнердің қыр-сырын жете меңгеруде. Жақында, Құрлық әскерлері Әскери институтының 4 курс курсанттары 100 шақырымдық маршты аяқтады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ежелгі заманнан бері марш жасау әскерлердің негізгі шеберлігінің бірі болып саналады. Бүгінгі күні жалпыәскери ұрыстағы жетекші рөл қалыптасқан жағдайға қарамастан, жорықтық, жауынгерлік алды және жауынгерлік тәртіптерде әрекет ете алатын мотоатқыш және танкті бөлімшелерге тиесілі.
«Құрлық әскерлерінің Әскери институтында маршты ұйымдастыруды және өткізуді зерделеу кезең-кезеңмен өтеді. 1-курста курсанттар бөлімше командирінің жұмысы көлемінде, 2-курста взвод командирі көлемінде, 3-курста рота командирі көлемінде және 4-ші соңғы оқу курсында батальон командирі ауқымында қажетті мәселелерді зерделейді. Сондықтан болашақ офицерлер арасында 100 шақырымдық маршты өткізу төртінші курста жоспарланып, өткізіледі», - деп атап өтті тактика кафедрасының аға оқытушысы, Құрлық әскерлері Әскери институтының доценті, полковник С.Пастух.
Жауынгерлік техникада 100 шақырымдық маршты өткізу – бұл жол және лекті жолдар бойынша взвод немесе рота құрамындағы жай ғана жүріс емес. Ол бірінші кезекте, маршты өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру бойынша барлық дәрежедегі командирлердің жұмысы.
10 күн бойы курсанттар жергілікті жердің картасы және сұлбасы арқылы қозғалыс бағдарын, оның қашықтығы мен өтімділігін, маршты жасау шарттарын, шептерді, аялдардың орындары мен уақытын, ас қабылдау орындарын зерделеді, өз бөлімшелерінің марштық мүмкіндіктерін, жердің сипатын, аялдар аудандарындағы қорғау және бүркемелеу шарттарын бағалады. Жеке элементпен марш жасау барысында командирлер мен жеке құрамның аялдағы іс-әрекеттерінің оқу сұрағы пысықталды.
Kaznews.kaztrk.kz