Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллер Назарбаев университетінің студенттерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллер Назарбаев университетінің студенттерімен кездесті

11.11.2015
Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллер Назарбаев университетінің студенттерімен кездесті
Ол әлемдегі экономикалық ахуалды студенттерге кеңірек түсіндіріп берді.

Шикізат бағасының құлдырауы мұнайға тәуелді елдердің экономикасына кері әсер етіп отыр. Қазақстанда дағдарыстың алдын алуға бағытталған іс-әрекеттер нәтижелі, деп атап өтті шетелдік қонақ.

Теңгенің еркін айналымға жіберілуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру секілді ірі жобалар сыртқы әсерлерден қорғамақ. Банкир бұған дейін жұмыс істеп келген әлемдегі экономикалық қағидаттар өзгергенін айтады.Дағдарыс та аяқталады. Сол кезде инновацияға икемделген экономикалар жеңіске алдымен жетпек, дейді банкир.

Хабарламаларға жазылу