Шымкентте жолақы қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жолақы қымбаттайды

12.11.2015
Шымкентте жолақы қымбаттайды
Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, автобустардың ескіруі бағаны өсіруге негіз болған.

Шымкентте Жаңа жылдан бастап қоғамдық көліктерде жолақы қымбаттайды. 50-ден 70 теңгеге көтерілмек. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, автобустардың ескіруі бағаны өсіруге негіз болған.

Өйткені, жолаушы тасымалдайтын мекемелер қолда бар техниканы жаңартуға құлықсыз. Сондықтан, Шымкентте коммуналдық меншіктегі автопарк ашу жоспарланып отыр.

Қазынадан бөлінген қаржыға 100 автобус сатып алынбақ. Қазір қалада 27 жекеменшік компания жолаушылар тасымалдаумен айналысады.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу