2016 жылы «Даму» қоры ШОБ-ті дамытудың 215 жобасын қаржыландырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылы «Даму» қоры ШОБ-ті дамытудың 215 жобасын қаржыландырды

05.10.2016
2016 жылы «Даму» қоры ШОБ-ті дамытудың 215 жобасын қаржыландырды

«2014 жылдан бастап «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық қорының қаражатынан кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін 545 млрд теңге бөлінді. Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті қаржыландырудың бірінші бағдарламасы бойынша «Даму» қоры 200 млрд теңге бөлді», - деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, бүгінде несиелерді жаңартпалы беру бойынша аталмыш сома 292,9 млрд теңгеге дейін өсті.

«1 476 компания 6 пайыздық жылдық ресурсқа ие болды. Ай сайын қарыз алушылардың қарызын өтуі есебінен, орта есеппен алғанда 2,8 млрд теңге босатылып тұрады. Ол бағдарламаның жаңа қатысушыларына беріледі. 2015 жылы - 758 кәсіпкер, ал 2016 жылдың 8 айында - 215 жоба аталмыш бағдарлама аясында қолдауға ие болды. Азық-түлік өндірушілері көш бастап тұр. Ағымдағы жылдың 8 айында 15 млрд теңге сомасында салық төленді», - деді Л. Ибрагимова.

www.primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу