Ұлттық табиғи парктер кәсіпкерлерге жобаларын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық табиғи парктер кәсіпкерлерге жобаларын ұсынды

20.01.2016
Ұлттық табиғи парктер кәсіпкерлерге жобаларын ұсынды
Ерекше қорғалатын аумақтарда бизнесті жүргізу тәртібі де өзгеше.

Еліміздегі ұлттық табиғи парктердің басшылары туризм саласында қызмет ететін кәсіпкерлермен кездесіп, жобаларын ұсынды. Ерекше қорғалатын аумақтарда бизнесті жүргізу тәртібі де өзгеше. Бұл аймақтағы жерлер кәсіпкерлерге 5 жылдан 49 жылға дейін жалға беріледі.

Бүгінде республика бойынша 9 684 гектардан астам аумақты алып жатқан 218 жер телімі ұзақ мерзімге, ал 217 гектар жер қысқа мерзімге бизнесмендердің игілігіне берілген.

Кездесуде «Бурабай», «Көкшетау», «Қарқаралы» және «Бұйратау» ұлттық табиғи парктері барлығы 12 жобаны кәсіпкерлерге таныстырды.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу