«Қазына капитал менеджмент» АҚ 2015 жылды қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазына капитал менеджмент» АҚ 2015 жылды қорытындылады

29.02.2016
«Қазына капитал менеджмент» АҚ 2015 жылды қорытындылады
«Қазына капитал менеджмент» АҚ өзінің еншілес қорларына былтыр 27 миллиард теңге көлемінде инвестиция салды.

Бұл туралы аталмыш акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Алмас Ағыбаев айтты. Экономиканың басым салаларына қаржы құю үшін шетелден инвестиция тартып, бірлескен қаржылық қорлар құрумен айналысатын мекеме 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында «Қазына капитал менеджмент» АҚ жалпы құны 1 миллард АҚШ долларынан асатын 56 жобаны жүзеге асырған.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу