Маңғыстаулық арулар қоғамдық тәртіпті күзетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулық арулар қоғамдық тәртіпті күзетуде

07.03.2016
Маңғыстаулық арулар қоғамдық тәртіпті күзетуде
Асылбике Тұржанова криминалистика және арнайы техника циклы бойынша дәріс оқиды. Ол тыңдаушыларына білім берумен қатар, сол саланың маңыздылығы туралы айтудан жалыққан емес.

Көпшілік жүрексіне бермейтін қызметті таңдаған тағы бір ару – Меруерт Сүндетова. Ол мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінде жұмыс істейді. Облыс бойынша осы саладағы жалғыз әйел адам. Ер азаматтармен иық тіресе жүріп темірдей тәртіпке бағынады.

Қыздар қызметте ерлермен бірдей белсенді. Тіпті кей тұста басым түсетін кездері де болады. Мұны олар әйелге тән ұқыптылық пен ыждахаттылықтан деп біледі.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу