Ұлттық біліктілік жүйесін құру туралы жоба басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық біліктілік жүйесін құру туралы жоба басталды

14.03.2016
Ұлттық біліктілік жүйесін құру туралы жоба басталды
2020 жылға дейін жұмыссыз жүрген 28 мың азамат техникалық мамандықтарға тегін оқытылады.

Ол үшін елдегі 64 колледждің материалдық базасы жаңартылатын болды. Бүгін Астанада «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы ресми басталды.

Жоспар бойынша бес жылда – 137 миллион доллар жұмсалады. Оның 100 миллионы Халықаралық қайта құру және Даму Банкінен, қалғаны республикалық бюджеттен бөлінеді. Жоспар бойынша азаматтар қысқа мерзімді алты айға дейінгі оқу курстарынан өтеді.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу