Қарағанды облысында көпбалалы ана баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында көпбалалы ана баспаналы болды

14.03.2016
Қарағанды облысында  көпбалалы ана баспаналы болды
Бес баласы бар жалғыз басты ана Наурыз мерекесі қарсаңында баспаналы болды.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Айгүл Нұрқасенова жыл басында жергілікті билік өкілдеріне үйінің өртеніп кеткенін айтып, баспана сұраған болатын. Асыраушысы жоқ отбасы осы уақытқа дейін туыс-туғанды жағалап күн көріп келген.

Мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін аналарының табысы тұрмыстық қажеттіліктен аспаған. Сол себепті көп балалы анаға көмек беру үшін арнайы қор құрылды. Екі ай ішінде қорға халық қомақты қаражат жинап, Айгүл Нұрқасеноваға ауылдан үй сатып берді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу