Бизнес қазақ тіліне бетбұрыс жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнес қазақ тіліне бетбұрыс жасайды

17.03.2016
Бизнес қазақ тіліне бетбұрыс жасайды
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов Бизнесті ұлттық тілде дамыту бөлімінің ашылғанын хабарлады.

Көпке түсініксіз бизнес қазақ тіліне бетбұрыс жасайды. «Атамекен» пікірсайыс клубының отырысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов Бизнесті ұлттық тілде дамыту бөлімінің ашылғанын хабарлады.

Жиында сөз алған алаштанушы Тұрсын Жұртбай экономикалық терминдерді қарапайым қазақ тіліне аудару мәселесін көтерді. Кәсіпкерлер палатасы ішкі құжат айналымын биыл 15 пайызға дейін толық қазақшаландыруды қолға алғанын айтты.

Әйгерім АҒЫЛТАЕВА

Хабарламаларға жазылу