Оған көктемнің ерте келіп, ауа райының жылынуы себеп.
Алматыда кенелер уақытынан бұрын оянып жатыр. Оған көктемнің ерте келіп, ауа райының жылынуы себеп. Әзірге, кене шаққан 31 адам дәрігерге қаралған. Оларға дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, энцефалитке қарсы дәрі егілген.
Қазір қаладағы 5 ауруханада серопрофилактикалық бөлімшелер құрылған. Мұнда кенеден зардап шеккен жандарға күндіз-түні ақысыз қызмет көрсетіліп жатыр. Ал, мамандар мерзімінен бұрын оянған қансорғыштарға қарсы залалсыздандыру жұмыстары сәуірде басталатынын жеткізді.
Амангелді СЕЙІТХАН