Қазақстан-Венгрия қоры жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Венгрия қоры жұмысын бастады

31.03.2016
Қазақстан-Венгрия қоры жұмысын бастады
Қор ауыл шаруашылығының өндіру, қайта өңдеу, сақтау және логистика бағыттарындағы жобаларды қаржыландырады.

Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның» 55-қадамында өңдеу өнеркәсібіне ең кем дегенде 10 трансұлттық компанияны және 60-61-ші қадамдарда ет, сүт өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту көрсетілген.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру бағытында бүгін Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялар қоры жұмысын бастады. «Қор арқылы елімізге Венгриямен қатар Еуропаның өзге елдерінен де инвестициялар тартуға мүмкіндік бар»,-деді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу