Қазақ зиялылары оқыған әйгілі «Ғалия» медресесінің салынғанына 110 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ зиялылары оқыған әйгілі «Ғалия» медресесінің салынғанына 110 жыл толды

04.04.2016
Қазақ  зиялылары оқыған әйгілі «Ғалия» медресесінің   салынғанына 110 жыл толды
Қазақ  зиялылары оқыған әйгілі «Ғалия» медресесінің   салынғанына 110 жыл толды

19 ғасырдың соңы мен 20-шы ғасырдың басындағы қазақтың заманауи білім алуына, Татарстан мен Башқұрстандағы оқу орындарының ықпалы зор болды. Сондай білім ордасының бірі - Уфа қаласындағы әйгілі «Ғалия» медресесі еді. Бұл оқу орнында ұлтымыздың бірқатар беткеұстар азаматтары білім алған.

Медресе шәкірттері діни сауат ашып қана қоймай, физика, жағрапия, алгебра сынды пәндердің де тереңіне үңілген. Бір қызығы, 1906 жылы салынған осы «Ғалия» медресесінің ғимараты Башқұртстан астанасында күні бүгінге дейін тұр.

Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесі қалың қазаққа жақсы таныс. Себебі бұл жерде Алаштың талай игі-жақсылары білім алған. Оны қазақ ақын-жазушыларының өмірбаянын оқыған адам жақсы білуі тиіс.

20 ғасырдың басында ашылған «Ғалия» медресесі, қысқа мерзімнің ішінде, сол кездегі ең беделді аймақтық оқу орындарының біріне айналады. Сондықтан «Ғалияға» бүкіл Ресейдің, Қапқаздың және Орталық Азияның жастары ағыла бастайды. Осы толқынның арасында ұлтымыздың аяулы ұлдары Мағжан Жұмабаев пен Бейімбет Майлин де болды.

Тарихи нысанды Ұлттық арнаның Ресейдегі меншікті тілшісі Нұртас Солтанұлы көріп қайтты. Толығырақ бүгін Kaznews жаңалықтарынан көріңіздер.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу