Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс берушілердің қызметін декларациялау қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс берушілердің қызметін декларациялау қолға алынды

06.04.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында  жұмыс берушілердің қызметін декларациялау  қолға алынды
Ұлт жоспарының 83-ші қадамына сай әзірленген жаңа Еңбек кодексінің талаптары іске аса бастады. Құжатқа сай, Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс берушілердің қызметін декларациялау қолға алынды.

Еңбек инспекторлары мен кәсіподақ ұйымы өкілдерінен жасақталған арнайы комиссия өндірістегі қауіпсіздік пен ұжымдық келісімшарттың орындалуын жіті тексеруде.

Облыстағы үш мекеменің жұмысы Еңбек кодексінің талаптарына сай екені анықталып, оларға сенім сертификаты табыс етілді.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу