Владимир Божко: Парламентте смартфон қолдануға тыйым салу құпия ақпараттар қауіпсіздігі үшін қабылданған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Божко: Парламентте смартфон қолдануға тыйым салу құпия ақпараттар қауіпсіздігі үшін қабылданған

06.04.2016
Владимир Божко: Парламентте смартфон қолдануға тыйым салу құпия ақпараттар қауіпсіздігі үшін қабылданған
Парламент депутаттарына жұмыс уақытында смартфон қолдануға тыйым заңды түрде күшіне енбеген. Мәселе әлі зерттеліп жатыр.

«Заң шығарушы органның жұмысы ашық әрі жариялы. Сондықтан, оның ешқандай қажеттілігі жоқ».

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко Ұлттық арнаға берген сұхбатында осылай деді.

«Негізі бұл шешім құпия ақпараттардың сақталуы үшін қабылданған. Ал, Парламенттің жұмысы ашық, ақпарат барлығына қолжетімді», дейді Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу