Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери кәсіптің үздік өкілдеріне Қазақстан ғана емес, сонымен бірге жақын және алыс шетел тұрғындары да дауыс беруде. «Батыр арулар-2016» байқауына қатысып жатқандарға қазірдің өзінде 130 мыңнан астам адам дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қорғаныс министрлігінің сайтындағы дауыс беру процесіне еліміз тұрғындарымен қатар, Ресей Федерациясы, Украина, Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Германия және тағы басқа елдердің азаматтары белсенді қатысып жатыр. Онлайн дауыс беру қорытындысына сәйкес маусым айында 12 үздік әйел әскери қызметші таңдап алынуы тиіс.
Дауыс беру 2016 жылғы сәуірдің 1-і мен мамырдың 31-і аралығында ҚР Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми веб-сайтында өтуде. Барынша әділ дауыс беру үшін әрбір сайт қолданушысы бір ІР-адрестен бір ғана дауыс бере алады. Таңдау оnline режімде өтуде, дауыстар автоматты түрде сайттың web-парақшасында көрсетіледі. Әрбір қатысушыға берілген дауыс санын көріп, жалпы дауыс беру барысын жіті қадағалауға мүмкіндік бар.
«Батыр арулар» байқауы Қазақстандағы әйелдердің әскери қызметін жария ету және насихаттау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылған. Былтыр алғашқы байқауға 123 әйел әскери қызметші қатысты. Қырық күндік онлайн дауыс беру нәтижесінде конкурсанттарға 255 725 дауыс берілді. Байқау қазақстандықтардың арасында ғана емес, сонымен қатар өзге елдердің тұрғындары арасында да қызығушылық туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістанның қолданушылары белсене атсалысты. Нәтижесінде бірталай сынақтардан мүдірмей өтіп, өздерінің жауынгерлік әзірліктерін, төзімділіктері мен күш-жігерлерін паш еткен 12 қыз-келіншек жеңімпаз ретінде танылған еді.

Kaznews.kaztrk.kz