Қазақ әскері «Аспан жолы – 2016» байқауына даярланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ әскері «Аспан жолы – 2016» байқауына даярланып жатыр

14.04.2016
Қазақ әскері «Аспан жолы – 2016» байқауына  даярланып жатыр
Қазақ әскері «Аспан жолы – 2016» байқауына  даярланып жатыр

ҚР Қарулы Күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Ресей Федерациясында өтетін Халықаралық армия халықаралық ойындары аясында ұйымдастырылатын «Аспан жолы – 2016» байқауына дайындықты аяқтап қалды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана маңында орналасқан 44813 әскери бөлімінің базасында «Аспан жолы – 2016» байқауының екінші іріктеу кезеңі аяқталды. Аталмыш байқаудың іріктеу кезеңіне Шымкент қаласы 10216 әскери бөлімі мен Алматы қаласы 97617 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келді.
Қазақ әскері «Аспан жолы – 2016» байқауына  даярланып жатыр

«Сабақтар қауіпсіздік шаралары, арнайы техникалық даярлық және зымыран-оқ ату даярлығы бойынша жоспарға сәйкес өткізілуде. Нәтижелері бойынша зениттік-зымыран бөлімшелерінің үздік командалары анықталды», - деді «Аспан жолы – 2016» байқауы комиссиясының төрағасы полковник Темірболат Көшербаев.

Қазақ әскері «Аспан жолы – 2016» байқауына  даярланып жатыр
Дайындық барысында әскери қызметшілер қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік әзірлігін, механик-жүргізушілердің ұрыс машиналарын жүргізуін көрсетті. Соңында әскери қызметшілер арнайы техникалық зымыран және атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсырып, сондай-ақ жеке құрамның біліктілігін комиссия тексерді.

«Қазір бізде «Аспан жолы – 2016» халықаралық байқауына іріктеу өтуде. Әр сабақ сайын біз жауынгерлік даярлығымызды арттырамыз және өзіміздің дене сымбаттылығымызды жақсы қалыпта ұстаймыз. Біз осы халықаралық додада бірінші орынды жеңіп алуға үміттіміз», - деді 97617 әскери бөлімінің әскери қызметшісі лейтенант Данияр Есмұхан.

«Аспан жолы – 2016» әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің арасындағы халықаралық байқау ағымдағы жылдың шілде айында Ресей Федерациясының Ашулук полигонында өткізіледі. Байқауға Қазақстан Республикасы, Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы және өзге де мемлекеттер Қарулы Күштерінің командалары қатысатын болады.

Одан басқа, 15 сәуірде ҚР Қарулы Күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері өзінің құрылған күнін атап өтеді. Бұл әуе шекараларын күзететін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік, саяси және экономикалық орталықтарын қорғайтын маңызды әскер түрлерінің бірі болып саналады.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу