Сол кездегі Кеңес Үкіметінің әскердегі сарбаздары апаттың салдарын жоюға аттанғанда, қазақтар да қарап қалмады. Қалдықтарды жойып, халықты құтқару жұмыстарына 30 мыңнан аса жерлесіміз кетті. Соңғы мәліметтер бойынша, қазір олардың тек 6 мыңының көзі тірі. Осы ретте Астанадағы оқу ордасының бірінде еске алу кеші өтті. Шарада фильм көрсетіліп, деректер айтылды.