Ұлттық арнада «Шын жүректен» телемарафоны өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада «Шын жүректен» телемарафоны өтіп жатыр

28.04.2016
Ұлттық арнада  «Шын  жүректен»   телемарафоны  өтіп жатыр
Ұлттық арнада  «Шын  жүректен»   телемарафоны  өтіп жатыр

Бүгін «Қазақстан» ұлттық арнасында «Шын жүректен» деп аталатын телемарафон басталды. Қайырымдылық пен ізгілікті насихат қылатын, тағдыр талайымен түрлі дертке ұшырағандарға көмек көрсетуді көздейтін бұл шара кешке дейін жалғасады. Телемарафонға ұлттық арнаның аймақтардағы филиалдары да қосылмақ.

Ұлттық арна ұйымдастырып жатқан телемарафонда әу баста 4 балаға көмек көрсету жоспарланған-ды. Бірақ, қайырымдылық ісі тек бұлармен шектелмек емес. Өзге де игі істер жоспарланған. Шараға барлық аймақтардың тұрғындары қатысып жатыр.

«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері де өз көмектерін аяған жоқ. Әркім әртүрлі деңгейде қаржылай көмек көрсетті. Ал, телемарафон кезінде студияға келген қонақтар жақсылық жасаудың, адам баласының бір-біріне көмегінің маңыздылығын айтып, ғибратта әңгімелер айтуда.

«Шын жүректен» телемарафоны кезінде студияға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Балалар омбудсмені Зағипа Балиева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сұлтан Оразалин сынды азаматтар қатысты. Марафон барысында арнаның Астанадағы студиясына әлі де талай қонақтар келетіні сөзсіз. Бастысы көмекке зәру жандарға көмек көрсету үшін ашылған есеп-шот бұқараға таныстырылып жатыр. Шара кешкі 22.00-ге дейін жалғасады.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу