Елдігіміздің негізі – жер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдігіміздің негізі – жер

28.04.2016
Елдігіміздің негізі – жер
Жерге қатысты заңнамалық актілердің ешбірінде шетелдіктерге жер сату туралы сөз жоқ.

Жер мәселесіне қатысты кейбір азаматтардың жыға түсінбей жатқан жайттары бар. Жалпы, жерге қатысты заңнамалық актілердің ешбірінде шетелдіктерге жер сату туралы бір ауыз сөз жоқ.

Елдігіміздің негізі – жер. Ұлы даланың ұлтарақтай жері жатқа сатылмайды. Бұл ақылға сыймас аксиома. Тек 25 жылға жалға беріледі. Ауыл шаруашылығы жерлері шетелдік компанияларға 2003 жылдан бері 15 жылға дейін жалға беріліп келеді.

Алайда, бұл мерзім былтырдан бастап 25 жылға дейін ұзартылды. Себеп, мамандардың айтуынша, ауыл шаруашылығы бизнесі қаржына көп қажет ететін сондай-ақ өтеуі баяу сала көрінеді.

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу