Керекулік археологтар Қимақ дәуірі кезінде қолданылған көне жәдігерлерді анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Керекулік археологтар Қимақ дәуірі кезінде қолданылған көне жәдігерлерді анықтады

12.05.2016
Керекулік археологтар Қимақ дәуірі кезінде қолданылған көне жәдігерлерді анықтады
Борис Рыбалченко экскаватор жалдап, үйіне су құбырын тартпақ болған. Алдымен ер кісі мен әйел адамның сүйегі шығады.Кейін жылқының қаңқасы және ат әбзелдері мен қару жарақ, сауыт-сайман табылған. Дереу полиция шақыртады.

Обадағы заттардың қылмысқа еш қатысы жоқтығын бірден байқаған құқық қорғаушылар археологтарға хабар берген. Ғалымдар ара-арасы 10-15 метр жерді қазып үш бірдей қабірді тапты.

Қазір олар мәйітті жерлеудегі ерекшелік және бұйымдардың жасалуына қарай Қимақ қағанаты кезіндегі обалар-деген тұжырымға келіп отыр.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу